![Алматы облысының таулы аудандарында сел жүру қаупі бар](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51651.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алдағы тәуліктерде Алматы облысының таулы аудандарында сел жүру қаупі бар. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«14-17 тамыз аралығында жаңбыр жауып, ауа температурасының көтерілуіне байланысты, таулы аймақтарында сел болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты мамандар қала тұрғындары мен қонақтарын әзірге таулы аумаққа барудан бас тартуға шақырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысының таулы аудандарында сел жүру қаупі бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101334/)