![Қазақстандық әскерилер «Танк биатлоны-2015» байқауының финалына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51666.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Құрлық әскерлерінің танк экипаждары «Танк биатлоны-2015» байқауының финалына шықты.
«Эстафета» жарысын Қазақстанның танкистері қызыл, ал, үндістандықтар - жасыл, сербиялықтар - көк және армениялықтар – сары танкпен бастады.
«Жарыс нәтижелері бойынша Қазақстан, Ресей, Қытай және Сербияның танкистері финалға шықты», - дейді жарыстың бас қазысы генерал-майор Евгений Поплавский.
Эстафетаның ережесіне сәйкес, бір танк төрт шақырымды үш мәрте айналып өтеді. Жалпы, әр топ сайыс бойынша тоғыз рет айналып өтуі немесе 36 шақырым жасауы тиіс.
Көрсеткіштер:
Қазақстан: 78 минут 18 секунд;
Ресей: 73 минут 30 секунд;
Қытай: 77 минут 32 секунд;
Сербия: 83 минут 23 секунд.
«Танк биатлоны» байқауының финалы 15 тамызда өтеді. Жеребе нәтижесі бойынша, Қазақстан Қарулы Күштерінің танкистері төртінші жолда сары танкпен бастайды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық әскерилер «Танк биатлоны-2015» байқауының финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101349/)