![«Шаолинь футболы» комедиясын көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51669.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алты ағайынды жігіт тәжірибелі футбол жаттықтырушысының жетекшілігімен жеңілуді білмейтін топ құрайды.
Кунг-фу көнекөз шеберлерінің баға жетпес тәжірибесі мен футболдың заманауи әдістерін біріктіріп, олар миллион долларлық сыйақы тігілген футбол біріншілігіне қатысуға өтініш береді.
Ағайындылар жеңіске жете ала ма? Кунг-фу өнері оларға көмектесер ме екен?
Режиссер Стивен Чоудың «Шаолинь футболы» комедиясын бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:30-да тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шаолинь футболы» комедиясын көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101352/)