![Қазақ хандығының 550 жылдығына орай БҚО-да «Елдіктің терең тамыры» атты мәдени-көпшілік шаралар өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51673.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
24-26 тамыз аралығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ауданының Хан ордасы ауылында «Елдіктің терең тамыры» атты мәдени-көпшілік шаралар өтпек.
Облыстық мәдениет басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, алғашқы күні жан-жақтан келетін меймандар Жәңгір хан, Дәулеткерей Шығайұлының кесенелеріне тағзым ету рәсіміне қатысады.
Сонымен қатар, арнайы жүлделі орындар үшін ұйымдастырылған аламан бәйге, түйе палуандар арасында қазақ күресінен жарыстар болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ хандығының 550 жылдығына орай БҚО-да «Елдіктің терең тамыры» атты мәдени-көпшілік шаралар өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101356/)