![«Ұлттық шоу: Роза шақырады» хабарында махаббат туралы әндер шырқалады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51700.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Адамның руһын көтеретін де, көңілін құлазытатын да, жайнатып, жадырататын да – ән. Бірінші кезекте әуен болғанмен де, сөз құдіретінсіз әннің бағы жануы тағы екіталай. Екеуі бір жерден үйлесім тапқаннан кейін ғана ол жүректерге жол тартады.
Ал, махаббатқа арналған әндер – ұйықтап жатқан жүректі оятады, жүрек қылын тербеп, адамға түрлі ой салады.
Бүгін «Ұлттық шоу: Роза шақырады» хабарында махаббат туралы әңгіме айтылып, махаббат туралы әндер шырқалмақ. 21:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ұлттық шоу: Роза шақырады» хабарында махаббат туралы әндер шырқалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101383/)