![Кәсіпкерлік мақсаттағы несиелендіру бойынша Алматы облысы көш басында тұр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51730.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандағы шағын несие ұйымдарының секторы несиелендіру қарқынын қайта қалпына келтірді, деп хабарлайды ranking.kz.
Осылайша, 2014 жылдың алғашқы тоқсанындағы 11 пайыздық көрсеткіш 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 26 пайызды құраған.
Биылғы жылы шағын несие ұйымдары кәсіпкерлік мақсаттағы несие портфелін 3,1 миллирд теңгеге ұлғайтты. Бұл - І тоқсандық өсім бойынша соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
2014 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда ең үлкен өсім Алматы облысында тіркелді - 2,2 миллиард теңге. Бұл - жалпы несиелендіру өсімінің 70 пайызы. Екінші орында - Оңтүстік Қазақстан облысы - 651,2 миллион теңге.
Ал, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлік мақсаттағы шағын несиелендіру өткен жылмен салыстырғанда 253,3 миллион теңгеге артқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кәсіпкерлік мақсаттағы несиелендіру бойынша Алматы облысы көш басында тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101413/)