![«AKTAU OPEN FEST 2015» фестивалі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51765.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
27-29 тамыз аралығында Ақтауда өтетін дәстүрлі музыка және спорт фестивалінің бұл жолғы ерекшелігі - «Break-dance»-тен Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі ұйымдастырылады.
Сайыскерлерге халықаралық дәрежедегі қазылар баға береді. Ал, жеңімпаз Оңтүстік Кореядағы «R-16» атты брейк-данстан Әлем чемпионатына барады.
«AKTAU OPEN FEST 2015»-тің екінші, үшінші күндері ерлер арасындағы стритболдан (3х3) Қазақстан Ашық чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, стрит-воркаут, паркур, ВМХ, трикинг және спорттың басқа дәстүрлері бойынша сайыстар ұйымдастырылмақ. Фестивальде Қазақстан, ресей, және Орталық Азия спортшылары қатысады.
Байқаудың құрметті қонақтары – Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев және Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин. Сонымен қатар, Ғалымжан Молданазар, Big Som & Drum Attack, Da Gudda Jazz, Morison, Skif сынды қазақстандық және Макс Корж, Чаян Фэмели, Krec сияқты ресейлік әртістер өнер көрсетпек.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«AKTAU OPEN FEST 2015» фестивалі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101448/)