![Астана қаласының білім басқармасы «Ата заңым айбыным» атты жас кинорежиссерлар сайысын ұйымдастырмақшы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51796.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қалалық білім басқармасы Конституцияның 20 жылдығына орай кешенді түрде атап өтуде жоспарлап отыр. 20 жылдық аясында қаланың барлық мерекелік шаралар өтеді.
Елорда әкімдігі жариялаған ақпараттарға сүйенсек, биылғы жылдың 2 қыркүйегінде қаланың барлық мектептерінде «Біз – Қазақстан Республикасының азаматтарымыз» атты ашық сабақ өтеді. Сондай-ақ «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел, патриотизм сабақтары өтеді. Жыл бойы елорда мектептері мен колледждері арасында «Біз – Қазақстанның болашағымыз» спартакиадасы ұйымдастырылады. .
Бұдан бөлек, 3 және 4 қыркүйек күндері «Конституция – Қазақстан тұрақтылығының кепілі» тақырыбында сурет сайысы ұйымдастырылып, «Адам және заң» суретшілер сайысы өтеді. 12 қыркүйек күні оқушылар арасындағы спорттық шаралар ұйымдастырылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана қаласының білім басқармасы «Ата заңым айбыным» атты жас кинорежиссерлар сайысын ұйымдастырмақшы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101479/)