![«Бордо» - «Қайрат» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51855.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алғашқы ойын бүгін (жұма күнге қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында Астана уақытымен сағат түнгі 00:30-да өтеді.
Ал, «Қайрат» - «Бордо» қарымта матчы Алматының «Орталық стадионында» 27 тамыз күні 20:45-те ойналады.
Аталған екі кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы кезеңдерінде сербиялық «Црвена Звезда», армениялық «Алашкерт» пен шотландиялық «Абердин» клубтарын ұтқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Бордо» - «Қайрат» матчын «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101538/)