![«Бордо» - «Қайрат» матчының 1-ші таймы 1:0 есебімен аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_51877.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ойын болжағандай өте белсенді басталды. «Бордо» футболшылары көп шабуыл жасап, допты өз бақылауында ұстады. Матчтың 5-ші минутында франциялық команданың шабуылшысы Кизе Телин есеп ашатын мүмкіндікті мүлт жіберді. Ал, 13-ші минутта алаң иелері сапынан қорғаушы Диего Контенто жарақат алып, оның орнына Максим Пундже шықты.
Осыдан кейін «Бордо» шабуылдарды үдете түсті, алайда «Қайрат» қарымта шабылда ойнады. Алайда матчтың 27-ші минутында Вахби Хазри гол соғып алаң иелерін алға шығарды. Тағы алты минуттан кейін «Бордо» ойыншылары тағы гол соғып кете жаздады. Осылайша 1-ші тайм 1:0 есебімен аяқталды. Алда «Бордо» футболшылары.
Айта кетейік, ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Бордо» - «Қайрат» матчының 1-ші таймы 1:0 есебімен аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101560/)