![КХДР десант флотын Оңтүстік Кореяға бұрды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52011.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚХДР Оңтүстік Корея жағына арнайы десант кемелерін жіберді. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлайды.
10-ға жуық солтүстіккореялық десант кемелері Солтүстік Пхеньян провинциясындағы Чолсан әскері бекетінен шықты. Агенттік өзінің ақпарат көзіне сүйене отырып, десант кемелерінің шекарадан солтүстік бағыт бойынша 60 километр қашықтықта орналасқан әскери-теңіз базасына бағыт алғандығын жазады.
Осыған дейін ҚХДР-дің Кореямен шекарада артилерия санын арттырып, сүңгуір қайықтарының 70 пайызын Сеулге қарсы шығарғандығы айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, ҚХДР мен Оңтүстік Корея бір-біріне артилериядан дүркін-дүркін оқ атты. Солтүстік Корея өзіне қарсы үгіт-насихат жүргізген оңтүстіккореялық дыбыс күшейткішті атып түсірді. Оға жауап ретінде Оңтүстік Корея 155-милиметрлік артилериядан оқ атты.
Жуырда екі елдің лауазымды тұлғалары бір-бірімен келіссөздер жүргізген болатын. Бірақ, ол нәтижесіз болып шықты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=КХДР десант флотын Оңтүстік Кореяға бұрды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101697/)