![Соңғы 5 жылда елорда бюджеті 2,3 есеге артты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52043.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қалалық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының хабарлауынша, 2015 жылы Астана қаласы алғаш рет мемлекеттік бюджетке 7,5 млрд теңге шамасында ақша аударады.
Соңғы 5 жылда елорда бюджеті 1,2 есе өсіп, жеке табысы 2,3 есеге артты.
Қала бюджетінің 32 пайызы әлеуметтік блокқа тиесілі, 5 жыл ішінде білім беру саласындағы шығындар 2 есе өскен.
Денсаулық сақтау саласындағы шығындар 5 жылда 1,7 есеге артты.
5 жыл ішінде бюджеттің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы шығын 84,1 млрд теңгеге дейін өскен.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Соңғы 5 жылда елорда бюджеті 2,3 есеге артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101728/)