![Еліміздің шалғай жатқан аймақтарындағы ауыл тұрғындарына көшпелі қызмет көрсету жалғасуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52062.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2015 жылғы 16-наурыз бен 24-тамыз аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 10 мың 141 азамат ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ-ның және халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды.
Аталған қызмет өкілдеріне келген 10 мың 141 азаматтың 6 мың 354-і түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша ақыл-кеңестер алды, 1 мың 999 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 1 мың 788 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды.
Ағымдағы жылғы 16-наурызы мен 24-тамызы аралығында жедел топтар еліміздің өңірлеріндегі 3 мың 22 шалғай ауылдық округті қамтып, оларға 4 мың 913 рет сапарға шықты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің шалғай жатқан аймақтарындағы ауыл тұрғындарына көшпелі қызмет көрсету жалғасуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101743/)