![Балаңызды жаңа оқу жылына дайындау үшін қанша ақша жұмсайсыз? (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52070.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Еліміздегі нарықта бір баланы оқу жылына толықтай дайындау үшін қанша қаражат керек?
Жалпы, мектеп формасы, өзге де киім-кешектен бөлек, бір балаға қажетті оқу құралдарын алу үшін базар бағасымен есептегенде, кем дегенде 5 мың теңге қажет екен.
Ал, мектеп формасы, спорттық киімі мен аяқ киімін санағанда 14-24 мың теңге аралығында ақша жұмсайсыз.
2013-2014 оқу жылында 5400 мектептің 1,8 миллион оқушысы бірыңғай формаға көшкен. Бірыңғай мектеп формасының бағасы үлгісі және жиынтығына қарай 4500-13500 теңге аралығын құрайды.
Бірыңғай мектеп формасы бастапқыда ата-аналардың арасында әлеуметтік жағдайларына байланысты түрлі пікірлер туғызған. Кейін бұл ережені қолдайтындар көбейді.
Ал, мамандар не дейді? «Таңшолпаннан» біліңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Балаңызды жаңа оқу жылына дайындау үшін қанша ақша жұмсайсыз? (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101750/)