«Таңшолпан» бағдарламасы жариялаған байқауларға қатысыңыз! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» бағдарламасы жариялаған байқауларға қатысыңыз!

26.08.2015
«Таңшолпан» бағдарламасы жариялаған байқауларға қатысыңыз!

Балаңыздың қызықты қылықтарын бейнетаспаға түсіріп, бізге жолдасаңыз, «Таңшолпан» эфирінен тамашалай аласыз.  

Сонымен қатар, таңғы бағдарлама «Фоторепортаж» айдарына байқау жариялайды. Туған өлкеңіздің көрікті жерлері мен көпшілікке беймәлім тарихи жәдігерлері болса, суретке түсіріп, таңғы бағдарлама редакциясына жолдаңыз.

Ал, егер, үлкен сахнаға шығып, ән салуды армандасаңыз, караокеде түрлі аспаптардың сүйемелдеуімен айтқан әндеріңізді жібере аласыздар.

Толық ақпаратты 8 (717) 2 55-38-15 телефон нөмірінен біле аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу