![Астанада Қазақстан – Корея достық бақшасы ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52075.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, Астана қалалық әкімдігінің халықаралық серіктестік бөлімі өкілдері мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – Корея достық бақшасын» ашу туралы келіссөздер жүргізілді.
Достық бақшасын құру мақсаты - серіктестікті нығайту және Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарын дамыту болып табылады.
Кеңес қорытындысы бойынша, Астана қаласының әкімдігі мен Корей Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасында «Қазақстан – Корея достық бақшасы» жасыл аумағын құрудағы серіктестік бойынша өзара келісім туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Қазақстан – Корея достық бақшасы ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101761/)