![Астанада «Жастар-Отанға!» атты жастар лагері ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52092.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2015 жылғы 26-28 тамыз аралығында Астана қаласының 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасының аумағында аймақтық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен жастар үкіметтік емес ұйым өкілдері үшін «Жастар Отанға!» жастар лагері ұйымдастырылады.
Шараның мақсаты - жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру, Қазақстан азаматтарының бойында патриотизмді қалыптастыру, барлық ұлттардың рухани-мәдени құндылықтарын және мәдени ерекшеліктерін сақтау жағдайындағы Қазақстан қоғамының дәстүрлерін жалғастыру.
Жастар лагерінің 300 қатысушына үш күн ішінде әскери-патриоттық тақырыпта лекциялар мен семинарлар, әскери бөлімшелерінің көрнекті қойылымдары, әскери қару-жарақ пен техника көрмесі, спорттық сайыстар, флеш-мобтар мен «Алжир» мемориалдық кешеніне экскурсия жасау жоспарланған, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Жастар-Отанға!» атты жастар лагері ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101779/)