![«Қайрат» - «Бордо» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52125.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алғашқы ойын 20 тамызда (21 тамызға қараған түн) Францияның «Нуво Стад де Бордо» стадионында өтіп, «Бордо» клубы өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жеткен.
Ал, қарымта кездесу бүгін Алматының «Орталық стадионында» сағат 20:45-те басталады. Бүгін «Қайрат» клубы жеңіске жетсе Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығады. Осыған дейін топтық кезеңде қарағандылық «Шахтер» клубы 2013/2014 маусымда ойнаған еді.
Аталған кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының алғашқы кезеңдерінде сербиялық «Црвена Звезда», армениялық «Алашкерт» пен шотландиялық «Абердин» клубтарын ұтқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қайрат» - «Бордо» матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101810/)