![«Қайрат» - «Бордо» матчының 1-ші таймы 1:0 есебімен аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52142.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дәл қазір Алматының «Орталық стадионында» Еуропа Лигасының плей-офф раунды аясында «Қайрат» пен франциялық «Бордо» арасында ойын өтуде.
Бірінші таймның қорытындысы бойынша есеп 1:0. Матчтың 1-ші минутында «Бордоның» қорғаушысы Седрик Ямбере өз қақпасына гол соғып алды.
Айта кетейік, Францияда өткен алғашқы кездесуде «Бордо» «Қайратты» 1:0 есебімен ұтқан еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қайрат» - «Бордо» матчының 1-ші таймы 1:0 есебімен аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101819/)