![Медицина тақырыбында жазатын журналистерден материалдар қабылдау жалғасуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52130.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ғылыми журналистер қауымдастығының Еуропалық одағы (EUSJA) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау саммиті (WHS) медицина тақырыбындағы журналистік материалдарға байқау жариялайды.
Оған жұмыс өтілі 5 жылдан аспаған жас журналистердің ағылшын тіліндегі жұмыстары қабылданады.
Іріктеліп алынған 5 жеңімпаз 11-15 қазан аралығында Берлинде өтетін «WHS 2015» саммитіне шақырту алады.
Денсаулық сақтау саммиті - көрнекі ғалымдар мен саясаткерлердің, азаматтық қоғам көшбасшыларының басын біріктіретін шара.
Жеңімпазға берілетін жүлде қоры - 138 мың теңге. (500 евро)
Байқауға 2014 жылдың 1 қаңтарынан кейін жарық көрген баспасөз, сандық, аудио және бейнематериалдар қабылданады.
Өтінімдер қабылдау 1 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
ijnet.org
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Медицина тақырыбында жазатын журналистерден материалдар қабылдау жалғасуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101824/)