![«World Nomads» ұйымы кинематографистерге арналған тревел-гранттарға өтінімдер қабылдайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52132.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«World Nomads» ұйымы кинематографистерге арналған тревел-гранттарға өтінімдер қабылдауда. Жұмысын жаңадан бастап жатқан документалистердің Тынық мұхиты жағалауындағы Колумбияға сапарлау мүмкіндігі бар.
Шара 21 қараша және 3 желтоқсан аралығына жоспарланған.
Жеңімпаз 7 күн бойы тәжірибелі документалист және режиссер Брайан Рапсейдің жетекшілігімен жергілікті халықтар мен олардың мәдениетін түсіре алады.
Кейін ел астанасы Боготада өтетін пост-продакшн кезеңіне арналған үшкүндік тренингке қатысады. Үміткерлердің ағылшын тілін білуі міндетті. Жұмыстар 7 қыркүйекке дейін қабылданады.
Тревел-грант - ғылыми мақсаттағы шараға арналған сапар. (конференция, съезд, мектептер, семинар).
ijnet.org
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«World Nomads» ұйымы кинематографистерге арналған тревел-гранттарға өтінімдер қабылдайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101878/)