![Елбасы Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52194.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты өзара іс-қимылдың ахуалы мен даму бағыттарын, сондай-ақ, бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.
Екі ел лидерлері әлемдік қоғамдастықтың халықаралық терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайтындарын айтты.
Тараптар сондай-ақ, 11 қыркүйекте Астанада өтетін Түркітілдес елдер басшыларының V саммитінің маңыздылығын атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101880/)