![Бүгін Елордада «Smart Астана балалары» байқауы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52196.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша бүгін «Smart Астана балалары» балалар суреттері мен мектеп шығармаларының жыл сайынғы байқауы басталады.
Байқау елорданың орта білім беру мектептері оқушыларының арасында өткізіледі. Шараны ұйымдастырушы - «Astana Innovations» акционерлік қоғамы.
Ағымдағы жылдың 21-қыркүйегіне дейін оқушылардың «Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбындағы жұмыстары қабылданады.
Конкурстық комиссия үздік балалар суретіне төменгі сынып оқушыларының жұмыстарын және үздік мектеп шығармасына 6-11 сынып оқушыларының жұмыстарын қабылдайды.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде «Smart Астана 2015» жыл сайынғы конференциясы шеңберінде өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= Бүгін Елордада «Smart Астана балалары» байқауы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101909/)