![Елдос Сметов Әлем рейтингінде бірінші орынға шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52251.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Е.Сметов Әлем чемпионы атанған соң 900 ұпай жинап, рейтингтің көшін бастады. Оның қоржынында жалпы – 2162 ұпай бар. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев 1408 ұпаймен жетінші орында келеді.
66 келідегі Елдос Жұмаханов Әлем чемпионатында 180 ұпай жинап, (жалпы ұпайы 702 ) қазір 23-сатыда. Жансай Смағұлов Әлем біріншілігіне қатыспасада 26-орында келеді.
73 келідегі Дастан Ықыбаев Әлем чемпионатында 4 ұпай жинады. Сөйтіп, жалпы есепте 72 ұпаймен 40-орында келеді. 72 ұпайы бар 81 келідегі Азиз Қалқаманұлы 57-сатыда. 90 келідегі Ислам Бозбаев Әлем чемпионатында 72 ұпай жинап, 34-орынға көтерілді. Оның қоржынында жалпы – 506 ұпай бар.
100 келідегі Максим Раков 1452 ұпаймен 10-орнын сақтап қалды. Ол – Әлем чемпионатында 72 ұпай жинаған. Ал, ауыр сал мақтағы Ержан Шынкеев 4 ұпай жинап, (жалпы – 331 ұпай) 46-орынға жайғасты.
Еске сала кетейік, Дзюдодан Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы бір алтын, бір күміс медаль иеленді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елдос Сметов Әлем рейтингінде бірінші орынға шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101941/)