![Қырғызстанда 2015 жылдың сегіз айында 14 адам сібір жарасын жұқтырған](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52256.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Дертті жұқтырғандардың алтауы Джалал-Абад облысының, төртеуі Ош қаласының, екеуі Нарын және Баткен облысының тұрғындары.
«Баткен облысының Қадамжай ауданында 17 тамызда дертті жұқтырған деген күдікпен 2 адам аурухана жеткізілген. Зерттеу нәтижелері бойынша 2 тұрғынның да дертті жұқтырғаны расталған. Аудан әкімшілігінің шешімі бойынша Халмион ауылында карантин жарияланды»,-деп нақтылады орталық өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Нарын облысы Ат-Башы ауданының Өзгеріс ауылында 20-тамыздан бастап карантин жарияланды, деп хабарлайды Қырғызстанның kabarlar.org. агенттігі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстанда 2015 жылдың сегіз айында 14 адам сібір жарасын жұқтырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101946/)