![Ақтауда білім беру ұйымдарының 2015-2016 оқу жылына дайындығы үшін жергілікті бюджеттен 1 424,7 мың теңге бөлінген](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52263.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мереке ҚР Әнұранымен ашылып, мектеп директоры білім ордасының жеткен жетістіктері жайында баяндады және 1-ші сыныпқа келген оқушылар мен келесі жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлерге сәттілік тілеп, биылғы оқу жылымен құттықтады.
Шара барысында қала басшысы Серікбай Трұмов Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1-ші сынып оқуышыларына сыйлаған «Менің отаным –Қазақстан» атты кітабын табыстап, мереке оқушылардың концерттік бағдарламана ұласты.
Ақтауда биылғы жылы 1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейін 31985 бала оқитын 25 жалпы білім беретін орта және 2 кешкі мектепте алғашқы қоңырау соғылды, оның ішінде 4200-ге жуық бала 1-ші сынып оқушылары.
Білім беру ұйымдарының 2015-2016 оқу жылына дайындығы үшін жергілікті бюджеттен 1 424,7 мың теңге бөлінді.
1-ші сыныпқа келетін оқушыларды мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 23,146 мың теңге және 1-ші сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы балаларын күніне бір рет тамақпен қамтамасыз ету үшін 324,4 мың теңге қаражат бөлінді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда білім беру ұйымдарының 2015-2016 оқу жылына дайындығы үшін жергілікті бюджеттен 1 424,7 мың теңге бөлінген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101950/)