![Астанада қызылшаға қарсы иммундау жүргізу үшін 150-ге жуық жылжымалы бригада құрылған](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52278.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қаласының әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Е. Аманшаевтың жетекшелігімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша штаб отырысы өтті. Жиын барысында 15-19 жас арасындағы тұлғаларға қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізу мәселесі қарастырылды.
Аталмыш кампанияны өткізу үшін қолайлы жағдай жасау, иммундау мерзімі, екпе қабылдағаннан кейін міндетті медициналық бақылау жүргізу, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу бойынша мәселелер қарастырылды.
Қазіргі уақытта 21 580 жеткіншекке вакцина салу мәселесі өзекті болып отыр. Осыған орай, қаланың 10 емханасында және 7 алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында, сондай-ақ, 110 білім беру ұйымдарында 127 екпе салу бөлмелері мен иммундау жүргізу үшін 142 жылжымалы бригадалар құрылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада қызылшаға қарсы иммундау жүргізу үшін 150-ге жуық жылжымалы бригада құрылған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/101964/)