![ҚДБ Arcelor Mittal және Glencore International компанияларының экспорттық операцияларын қаржыландыруды бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_53578.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Аталмыш қаржы қазақстандық экспортты қолдау мақсатында «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру шеңберінде жеңілдікті шарттармен берілді.
Атап айтқанда, 10 млрд теңге көлеміндегі қарыз 5 жылға дейінгі мерзімге «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына шикізат пен материалдар сатып алуға, оларды одан әрі дайын болат өнімдерін жасау мақсатында өңдеуге берілді.
6,2 млрд теңге көлеміндегі несие 3 жыл мерзімге «Казмырыш» компаниясына металл мырыш өндірісіне және экспортына берілді.
Қазақстандық экспортшыларды қолдау жағынан экспорттық операцияларды қаржыландыру шарттары ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі №271 Қаулысымен бекітілген.
Жалпы, ҚР Ұлттық қорынан, ҚДБ желісі арқылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-нан өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын қазақстандық тауарлар экспортын қолдауға 2015 жылы 35 млрд теңге бөлінді. Аталған сомаға ағымдағы жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдай бойынша жалпы сомасы 31,2 млрд теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды Қазақстанның даму банкі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ҚДБ Arcelor Mittal және Glencore International компанияларының экспорттық операцияларын қаржыландыруды бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102010/)