![ХВҚ-ның өкілдері Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуын қолдайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52331.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Меніңше, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымын кіруі осы елдің сауда әріптестерімен қарым-қатынасты нығайтады. Түптеп келгенде ДСҰ-ға кіру тек сауда-саттық мақсаттағы қарым-қатынастарды жеңілдетіп қана қоймай, қазақстандық бизнеске халықаралық стандарттарды қолдану мен халықаралық деңгейдегі талап бойынша жұмыс істеуге қосымша мүмкіндік береді»,-деді ХВҚ-ның өкілі.
Оның сөзінше, ДСҰ-ға кіру әртараптандырылған заманға сай экономика қалыптастырудың бір бөлігі ғана.
Total.kz агенттігінің хабарлауынша, осылайша, Қазақстанның өзге мемлекеттермен және өңірлермен сауда-қаржылық қатынастарды жетілдіре түсуіне зор мүмкіндік тумақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ХВҚ-ның өкілдері Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуын қолдайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102017/)