![Бүгін «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52347.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Таиланд астанасы Бангокта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының бүгін жартылай финалдық кездесулер өтеді. Жартылай финалға Қазақстан Ұлттық құрамасының 7 боксшысы өтті. Олар: Олжас Сәттібаев (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Зәкір Сафиуллин (60 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Иван Дычко (+91 келі) жартылай финалға шықты.
Осылайша құрлықтық біріншіліктің жартылай финалына 7 қазақстандық боксшы шықты.
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын 4 және 5 қыркүйек күндері сағат 14:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «KAZsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102031/)