![Семейде мектеп оқушылары арасында XVI республикалық Абай оқулары және I республикалық жыршылар байқауы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52349.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Іс-шараның бастамашысы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі.
Аталған шараларға облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің, дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттардың 5-11 сынып оқушылары - Абай оқуларының және жыршылар байқауының өңірлік кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер ел үшін...» І республикалық қазақ батырлық эпосы жыршыларының байқауы 9-10 қыркүйекте өтеді.
Байқаудың салтанатты ашылуы Семей қаласының Мәдениет үйінде өткізіледі.
Ұлы ойшылдың 170 жылдығына арналған XVI Республикалық Абай оқулары 10-11 қыркүйекте өтеді. Абай оқуларының салтанатты ашылуы Абай ауданы орталығының Мәдениет үйінде өтеді.
Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, мақтау қағаздарымен және сертификаттармен, арнайы жүлделермен марапатталады.
Аталған іс-шаралар аясында оқушылар Абай ауданындағы тарихи орындармен, М.Әуезовтың туған ауылындағы мұражай-үйімен, Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйімен танысады. Олар үшін Еңлік-Кебектің ескерткішінде, Шілікті кезеңінде, Үңгіртаста театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде мектеп оқушылары арасында XVI республикалық Абай оқулары және I республикалық жыршылар байқауы өтеді &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102034/)