![Ата-аналары темекі шегетін балалар есейгенде түрлі ауруларға бейімделгіш келеді -ғалымдар](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52357.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шетелдік ғалымдардың аталмыш мәселе бойынша зерттеулері Тhe American Heart Association journal басылымында жарияланған.
Стеноз немесе ұйқы артериясының жұқаруы, адамда атеросклероздың қозуы, қан-тамырлардың аурулары, жүректі ишемиялық ауруына себеп болатын жағдайлар. Ғалымдар 1980-1983 жылдары бала болған және темекінің бала денсаулығына ықпалын анықтайтын зерттеу жұмыстарына қатысқан адамдардың денсаулық жағдайына талдау жүргізген. Олардың отбасыларында әке-шешелері немесе олардың біреуі темекі шегетін болған.
Нәтижесінде ата-аналары темекі шегетін балалардың есейгенде өзгелерге қарағанда, жүрек қан-тамырлары ауруына бейімделгіш келетіндігі белгілі болды.
Осы зерттеулермен айналысқан ғалымдар ата-аналарды темекі шегудің тек өздерінің денсаулықтарына ғана емес, балаларының да денсаулықтары зиянын тигізетінін естіп, ойланады деген үмітте.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ата-аналары темекі шегетін балалар есейгенде түрлі ауруларға бейімделгіш келеді -ғалымдар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102055/)