7 қыркүйекте «Ертіс» пен Қырғыз елінің құрамалары футболдан жолдастық кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 қыркүйекте «Ертіс» пен Қырғыз елінің құрамалары футболдан жолдастық кездесу өткізеді

05.09.2015
7 қыркүйекте «Ертіс» пен Қырғыз елінің құрамалары футболдан жолдастық кездесу өткізеді

«Ертіс» клубының баспасөз хатшысы Павел Самойлоның айтуынша, Қырғыз елінің құрамасы жолдастық кездесуді өткізу туралы өтінішті бірінші болып білдірген. Павлодар қаласына көрші мемлекеттен 30 футболшы келеді. Олардың қатарында неміс бундеслигасында өнер көрсететін Виталий Люкс, қазақстандық жанкүйерлерге танымал Антон Землянухин сынды тәжірибелі футболшылар бар.

Кездесу сағат 19:00-де басталады. Айта кетейік, Қырғыз елінің құрамасы FIFA рейтингінде 155-орында.

Хабарламаларға жазылу