![Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» шығармашылық кеші](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52404.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жуырда ғана Астана қаласында өткен кеште әншінің 15-20 жыл бұрынғы әндері және ең алғашқы орындаған әндері жаңаша өңделіп, орындалды.
Кешке опера әншілері Жанат Шыбықбаев, Әсел Мәдекешова, дәстүрлі әншілер – Елмұра Жаңабергенова, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Саят Медеуов, Тоқтар Серіков, Әйгерім Қалаубаева және «Аламан» тобы сынды өнерпаздар қатысты.
Сондай-ақ, концертте әншінің өзі қызмет ететін Президент оркестрінің толық құрамы өнер көрсеткен болатын.
Ел мен жерді, ауылды, туыстарды жырлайтын әндердің басы қосылған кешті бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:15-те тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Досымжан Таңатаровтың «Отаным десем...» шығармашылық кеші&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102091/)