![Қызылордада күзде 510 пәтер пайдалануға беріледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52439.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Шұғылада» 50 пәтерлі бір, 60 пәтерлі үш үй салынып жатыр. Яғни, «Қазақстандық несие компания» АҚ тарапынан жалпы ауданы 13400 шаршы метр болатын 230 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мердігер компания «Жабдықтау» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтамақ.
Тағы 280 пәтерлі 5 үй «Арай-2» мөлтек ауданында орналасқан. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл үйлер қазан айында пайдалануға беріледі.
Аймақ басшысы құрылысшыларға сапаға аса мән беріп, уақытында нысанды тапсыру қажеттігін ескертті.
Жалпы алғанда, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында 2080 пәтерлі 41 үй пайдалануға берілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада күзде 510 пәтер пайдалануға беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102125/)