![Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын нығайтты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52442.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазіргі таңда мұнда қосымша жасауылдар қойылып, ішкі қауіпсіздік шарасы нығайтылды, деп жазады Қырғызстанның kabarlar.org агенттігі.
Бұған қоса, екі елдік шекарашылары ведомстволар арасында жедел ақпарат алмасу шараларын белсендендірді. Қырғызстан- Тәжікстан мемлекеттік шекарасындағы өткізу-бақылау тіректеріндегі жұмыстар штатық режимді жүріп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстанда осы елдің Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасарының жетекшілігімен 100-ден астам десантты-шабуылдау бригадасының жауынгерлері бүлік шығарып, ішкі істер бөлімі мен Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратына шабуыл ұйымдастырды.
Түрлі мәліметтер бойынша, осы әрекеттердің салдарынан 17-ден 33-ке дейінгі аралықта адамдар мерт болып, бүлікшілер мол көлемдегі қару-жарақ пен техниканы иемденген. Лаңкестер Душанбе маңындағы таулы алқаптарды жасырынып жүр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстан Тәжікстанмен шекарасын нығайтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102130/)