![«Әли мектепке барады...»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52445.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әли Тұрғанбеков алты жаста. Туғаннан екі аяғы жоқ баланың білімге деген құштарлығы зор.
Отбасы ұлына сапалы білім беру үшін Астана қаласына арнайы қоныс аударған. Елордадағы №59 мектеп-лицейінің 1-сыныбына қабылданған бүлдіршін: «Мектепке өзім келгім келді»,-дейді.
Балабақшадан-ақ түрлі өлең жаттап, ән айтып машықтанған Әли мектепте де бар ынта-зейінімен оқуға дайын.
Бүгінгі «Айтуға оңай...» толығымен Әлидің өміріне арналады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news= «Әли мектепке барады...»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102133/)