![Мартин Мюррей: Геннадий Головкин Давид Лемьені екі-үш раундта нокаутқа жібереді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52447.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Бұл жекпе-жек – Г.Головкинге қиынға соқпайтыны анық. Д.Лемьенің соққылары мықты, алайда, ол шабуылдан кейін қорғанысын ұмытып кетеді. Менің ойымша, Геннадий Головкин Давид Лемье үшін көп ойланбай, екінші немесе үшінші раундта-ақ нокаутқа жіберетініне сенімдімін. Г.Головкин – өте жақсы боксшы. Жалпы айтқанда Геннадий Головкин үшін бұл айқас еш қиындық тудырмайды», - дейді Мартин Мюррей.
Геннадий Головкин мен Давид Лемье арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 18 қазан күні тікелей эфирде көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мартин Мюррей: Геннадий Головкин Давид Лемьені екі-үш раундта нокаутқа жібереді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102134/)