![Әсем Садықова ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль ұтып алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52476.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін иеленді. 58 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әсем Садықова қос сайыста 217 (95+122) келі көтеріп, Азия құрлығының қола медальін жеңіп алды.
Тағы бір қазақстандық Сәуле Сәдуақасова жалпы 213 (96+117) келі көтеріп, 4-ші орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, Таиландтағы Азия чемпионаты 3 қыркүйек күні басталған. Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшелері турнирге кешеден бері араласты.
Енді бүгін жарыс жолына Александр Ким (69 келі) мен Фаина Сиванбаева (63 келі) шығады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әсем Садықова ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль ұтып алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102160/)