![Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52477.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері және Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қолдауымен 9 қыркүйек күні «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Аталмыш іс-шараға жоғары және кәсіби-техникалық білім беру мекемелерінің түлектері, жұмыссыз жастар қатысады. Жәрмеңке сағат 10:00-14:00 аралығында өтеді. Іс-шара барысында 50-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Жәрмеңке барысында жас түлектер бос жұмыс орындары бойынша қажетті ақпарат алып, дипломдарына сәйкес жұмыс табуға мүмкіндік алады. Жұмыс берушілер - үміткерлерінің іскерлік қасиеттеріне баға беріп, жұмысқа жас мамандарды тартады.
Аталмыш маңызды іс-шара жастар арасында жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102162/)