![Майра Файзуллаева ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52566.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 5-ші медаль ұтып алды. 69 келі салмақта сынға түскен Майра Файзуллаева қоссайыс нәтижесі бойынша 223 (125+101) келі көтеріп, қола жүлде иеленді.
Ал, 247 (107+140) келі көтерген қытайлық Кси Хонгли құрлықтық сайыстың жеңімпазы атанды. Солтүстік Корея спортшысы Паек Ун Ксуе жұлқа мен серпе көтеруде 241 (106+135) келі еңсеріп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша Майра Файзуллаева Азия чемпионатында «қола» жеңіп алған үшінші қазақстандық спортшы. Оған дейін Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева 3-ші орын алған. Ал, Айдар Қазов пен Ермек Өміртай Азия чемпионы атанды
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Майра Файзуллаева ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102250/)