![Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52594.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов 1972 жылы туған. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарынан бастап, Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының директоры, Ақтөбе әкімінің орынбасары, әкімі қызметтерін атқарды.
2011 жылғы 22 шілдесінен бастап, Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102275/)