![Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Оңтүстік Қазақстанға келді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52609.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы, Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің вице-министрі Алексей Цой мәлім етті.
Сапар аясында ведомоства басшысының орынбасары егу жұмыстарының дайындық барысымен танысып, вакциналау жұмыстарынан ешкімнің тыс қалмауын тапсырды.
Сондай-ақ, Шымкенттегі №3, №5, №6, №8 қалалық емханаларда болды. Ондағы медициналық құрылғылар мен дәрі-дәрмектердің жайын бақылап, дәрігерлердің халыққа қызмет көрсету барысын қадағалады.
Түс қайта шаһардағы облыстық клиникалық аурухана мен №4 перинаталдық орталықта болған вице-министр ауруханадағы емдеу аппараттарына баса назар аударды.
Күнгейдегі денсаулық сақтау мекемелерінің бір күндік жұмысын бақылаған денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі облыстағы жұмыстарға қанағаттанатынын жеткізді, деп хабарлайды Оңтүстік қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Оңтүстік Қазақстанға келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102286/)