![Ауа райы: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында күн суытады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52639.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
14-16 қыркүйек күндері Қазақстанның алты облысында ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.
14 қыркүйек күні Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
14 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Павлодар облысында, 14-15 қыркүйекте Қарағанды облысында, 15-16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауа температурасы түнде 0-5 градус болады, кей жерлерде -3 градус болады, күндіз 10-15, кей жерлерде 7 градусқа дейін төмендеуі күтіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ауа райы: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында күн суытады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102327/)