![Назарбаев Университетінде «SANTO Академиялық бағдарламасының» гранттарын тапсыру салтанаты өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52742.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
18 қыркүйек, сағат 10:00-де Назарбаев Университетінде «SANTO Академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы байқауының жеңімпаздарына стипендиялар мен гранттарды тапсыру салтанаты өтеді.
Байқау жас ғалымдарды қолдау және елдегі жетекші университет студенттерінің фармацевтика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға бағытталған.
«SANTO Академиялық бағдарламасы» 2013 жылы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында қолға алынған жоба.
Шара ұйымдастырушысы - «Santo Member of Polpharma Group» сауда белгісімен еліміздегі фармацевтика нарығындағы көшбасшы саналатын «Химфарм» акционерлік қоғамы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Назарбаев Университетінде «SANTO Академиялық бағдарламасының» гранттарын тапсыру салтанаты өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102443/)