8 жастағы теннисші Жақас Қозыбақ биік белестерді бағындырып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

8 жастағы теннисші Жақас Қозыбақ биік белестерді бағындырып келеді

18.09.2015
8 жастағы теннисші Жақас Қозыбақ биік белестерді бағындырып келеді

1940-1950 жылдары елімізде тамырын жая бастаған теннис спортына қазіргі таңда жасөспірімдердің де қызығушылығы арта түскен. Соның бірі 8 жастағы спортшы Жақас Қозыбақ. Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичқа ұқсағысы келетін жас теннисшінің арманы – спорт саласында бүкіл әлемге Қазақ елінің атын шығару.

«Мен теннисті 5 жасымнан бастап үйрендім. Бұл спорт маған қатты ұнайды. Жақсы ойнауға, ата-анамды қуантуға, биік жетістіктерге жетуге тырыстым. Менің осы талпынысымнан нәтиже шықты. Үлкен чемпионаттарға қатыстым. Мені теннистке алып келген әкем. Ол маған үнемі «Жақсы ойна, жеңілсең мұңайма, керісінше, қуанып жүр. Әр нәрсенің өз уақыты бар»,-деп айтып отырады»,-дейді  спортшы.

Жас теннисші 7 жасында қызыл, қызғылт сары доп иегері атанып, 8 жасында сары допқа қол жеткізген.

«Жақас маған дейін басқа жаттықтырушымен жұмыс істеген. Біздің бірге дайындалып жүргенімізге 1,5 жыл болды. Ол ешқандай топсыз, жалғыз өзі дайындалады. Күніне 4-5 сағат жаттығу жасайды. Жақастың оң жақтан соққан соққысы мықты. Ақылмен ойнайды. Ең бастысы осы. Мен Жақастың болашағынан зор үміт күтемін»,-дейді жаттықтырушысы.

Арманы асқақ кішкентай спортшының жетістіктері туралы «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу