![«Сенбілік таң» бағдарламасы Жандос Әубәкіровтің шаңырағында](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52821.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Абай» атындағы әдеби-мемориалдық мұражайының директоры Жандос Әубәкіров бүгінде Абайдың әдеби мұраларынан бөлек, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұхтар Әуезовтың әдеби мұраларын насихаттап, игі дәстүрге айналдырып келеді.
Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы ақынның туғанына 95 жыл толу мерекесінің қарсаңында Қаз ССР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1940 жылғы 1 сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылып, сол жылы қазан айының 16-сы күні мереке үстінде ашылды.
Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражайды басқарып отырған Жандос Әубәкіров кім? Ертең 09:00-де «Сенбілік таң» отбасылы-танымдық бағдарламасынан көре аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сенбілік таң» бағдарламасы Жандос Әубәкіровтің шаңырағында &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102498/)