![Бүгін - «смайликтің» туған күні](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52847.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги-Меллон университетінің профессоры Скотт Фалман компьютерде терілетін мәтінге «күлімсіреп тұрған бет-әлпетті» көрсету үшін қос нүкте, дефис және жабылатын жақшадан тұратын қатар келген үш символды пайдалануды ұсынды. Бұл виртуалды қарым-қатынасты толықтыруға аса қажет деп есептелді.
Тарихта Фалманның жергілікті электрондық тақтаға жіберген хабарламасы сақталған. Бұл хат қазіргі форумдардың прототипі және сол кездегі университет қызметкерлерінің негізгі қарым-қатынас құралы болып саналған. Хаттың мәтіні мынадай:
«19-Sep-82 11:44 Scott E Fahlman :-) From: Scott E Fahlman I propose that the following character sequence for joke markers: :-) Read it sideways. Actually, it is probably more economical to mark things that are NOT jokes, given current trends. For this, use :-(» (19-қыркүйек-82 11:44 Скотт Фалман :-) Мен сіздерге әзілді бейнелеу үшін төмендегі белгіні ұсынамын :-). Ал жазған мәтін әзіл болмаса, оны керісінше бейнелеңіз, яғни :-( деген белгі).
Бұл белгінің пайда болуына қатысушылардың ұзақ уақыт бойы әзіл-қалжыңды қалай бейнелеу керек деген тақырыптағы пікірталастары себеп болған. Дегенмен алғаш рет «смайликті» пайдаланған хабарлама 2002 жылы пленкада сақталған хабарландырулар тақтасының мұрағатынан табылды.
«Смайликтер» әңгімелесушіні дұрыс түсінуге, оның көңіл-күйін байқауға көмектеседі. Олар өте қызық және жағымды эмоция тудырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін - «смайликтің» туған күні&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102523/)