![Алматы іргесіндегі Өтеген батыр ауылында цех өртеніп жатыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52891.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы цех өртеніп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев хабарлады.
Оның айтуынша, өрт туралы хабарлама таңертеңгі 10:22-де түскен.
Өрт әлі толық өшірілген жоқ. Қазір оны сөндіруге 7 арнайы техника мен 35 адам жұмылдырылған. Алдын ала анықтау бойынша «тілсіз жау» 1800 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртке 3-деңгейлі күрделілік берілді.
Гидроизоляциялық материалдар шығаратын цех «Толпан» ЖШС-ына тиесілі екендігі белгілі болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы іргесіндегі Өтеген батыр ауылында цех өртеніп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102583/)