![«Балапан» телеарнасы туған күнін атап өтеді (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52812.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанадағы «Қазмедиа» орталығында «Балапан» телеарнасы 5 жылдық мерейтойына орай ойын-сауықтық бағдарлама ұйымдастырылады.
Шара аясында көрме, түрлі ойындар мен қызықты қойылымдар ұсынылады. Сондай-ақ, «Менің сүйікті ертегім» атты ата-аналар байқауы қорытындыланады.
Шара соңында эстрада жұлдыздары мен талантты бүлдіршіндердің қатысуымен концерт өтеді.
Айта кетейік, телеарна «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамында 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ашылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Балапан» телеарнасы туған күнін атап өтеді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/102631/)